Никита Чирюкин әлем чемпионы атанды

Чемпионның бапкері – Рашид Юнусметов.

Қазақстандық Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Н.Чирюкин кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден үздік шықты.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге қол жеткізсе, оңтүстіккореялық Сук Джин Хонг үздік үштікті түйіндеді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.