Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері сотталды.
Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.
«Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», – деді облыс прокуроры.