Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Тек қана батыс және оңтүстік-батыста антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С аптап ыстық күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі бар.