Мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Күдіктілер мұнай өнімдерін теңіз арқылы тасымалдамақ болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы бөлімі Түркістан облысының прокуратурасымен бірлесіп күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығармақ болғандардың жолын кесті. ҰҚК-ның мәліметінше, Астана мен Шымкент қаласы және Түркістан мен Маңғыстау облысында тиісті жедел тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

 

Бұған дейін бензин қымбаттағаны туралы жазған болатынбыз.