Оның айтуынша, жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Astana Hub», «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы және «ITeachMe» қоғамдық қорының қолдауымен іске асырылады. Жоба 1 тамызда қазақ және орыс тілдерінде онлайн-форматта басталады.
Елімізде еңбекке жарамды жастағы 967 мың әйел бар болса, оның 34 пайызы жұмыс істемейді. Еңбекке жарамды жастағы әйелдердің 41,4 пайызы жоғары білімді.
– Қазіргі уақытта IT-Aiel бағдарламасы бойынша No Code School, Freelance School, компьютерлік сауаттылықтың негізгі курстарына оқуға жұмыссыз әйелдерден, декреттік демалыстағы әйелдерден, студенттер мен 18 жастан асқан кәсіпкерлерден 2307 өтініш келіп түсті, – дейді Алина Әбдірахманова.
IT-Aiel бағдарламасына қатысуға жұмыссыз әйелдерден 2307 өтініш түскен. Оның ішінде Астанада – 668, Алматыда – 371, Шымкентте – 63, өңірлерде 1205 үміткер бар.