Аталмыш жағдайға қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов жауап берді.
«Қазір Агенттік өз құзыреті аясында тиісті жұмыс жасап жатыр: сұрау салулар жолданды, бағалар мониторингі жүргізілуде. Бірақ Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады. Қазіргі уақытта монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді ол.
Егер тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталатын болса, онда заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Айта кету керек, биыл ұялы байланыс операторларының бағалары тарифтік жоспарларға байланысты 8 пайыздан 50 пайызға дейін өскен болатын. 2021–2022 жылдар кезеңінде тарифтер орта есеппен 13 пайыздан 37 пайызға дейін қымбаттады. Мәселен, 2023 жылдың сәуірінде Beeline операторының «Жарқын» тарифтік жоспарының құны 1 790 теңгеден 2 490 теңгеге дейін (өсім 39%) өсті; «Кселл» мен «Теле2» тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарлардың қымбаттағанын мәлімдеген еді: мысалы, «Нақты лимит» тарифінің құны 3 390 теңгеден 4 390 теңгеге дейін өссе, «Жай супер» тарифі 2 590 теңгеден 3 290 теңгеге дейін қымбаттады.
Агенттікке тарифтердің өсуіне және талап етілмеген қызметтерді таңуға былтырдан бері 200-ден астам шағым түскен. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр.
А.ҚАЗАҚ