Алматыда былтыр жоғалып кеткен 19 жастағы қыз табылды

Ол 2023 жылдың 4 сәуірінде табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болған екен.

Алматыда 2022 жылы желтоқсанда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз табылды. Бұл туралы LIDER.KZ Instagram-парақшаларында хабарлады.

Ол 2022 жылдың 24 желтоқсанында жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы ауданы Төле би көшесі, №109 үйден шығып кеткен. Осыдан кейін оның қайда екені белгісіз болды.

Еріктілердің хабарлауынша, ол 2023 жылдың 4 сәуірінде табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болған екен.