Алматыдағы кинотеатрда қолданылған шприцтер елді шошытты

21 шілдеде Instagram желісіндегі «Kris P Almaty» парақшасында Алматыдағы кинотеатрлардың біріне келген көрермен пайдаланған шприцтердің дәлізде және орындықтардың астында шашылып жатқанын көрсеткен видео жарияланды.

"Қараңыз, кинотеатрдағы бірінші қатар. Мұнда не болғаны түсініксіз. Мұнда шприц жатыр… Сұмдық", – дейді видео авторы.

Жазбада видео Розыбакиев көшесіндегі «Mega Alma-Ata» сауда орталығындағы кинотеатрда түсірілгені нақтыланған.

Кинотеатр әкімшілігі оқиғаға қатысты түсініктеме әлі бермеді.