Павлодарда құтқарушылар суға кеткен ер адамды аман алып қалды

Жас жігіт достарымен демалып жүрген.

Усолка жағасындағы акваторияны аралап жүрген құтқарушылар суға кеткен ер адамды аман алып қалды.

1996 жылы туған ер адам шомылуға арналмаған жерде батып бара жатқан.

Сол жерден өтіп бара жатқан құтқарушылар демалушылардың әлдебіреуді судан шығаруға әрекет жасап жатқанын байқаған.

Құтқарушылар дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, реанимация жасады.

Одан кейін павлодарлық азаматты 103 бригадасына тапсырды.

Жас жігіт достарымен демалып жүргені белгілі болды.