Алматы маңында жеңіл көлік тиеген эвакуатор аударылды

Эвакуатордың жолаушысы зардап шеккен.

Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соқтығысып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды. 

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы «Kris P Almaty» парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, бұл апат эвакуатор тасжолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.

"Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді. Талғар облысының құтқарушыларына көп рақмет", – делінген жазбада.