Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесіп, жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. ҰҚК-ның баспасөз қызметі бұл факт бойынша сотқа дейінгі жедел тергеу, тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
«21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген ҰҚК-нің хабарламасында.
Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2020 жылдан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.