Finprom.kz порталының дерегінше, аталған маркалардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбін құрайды – сәйкесінше 17,6 мың және 17,4 мың. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia түйіндейді: бес айда бұл брендке тиесілі 9,9 мың жаңа көлік сатылған.
Сондай-ақ биыл ең танымал брендтердің ондығына бірден 5 қытайлық көлік кірді: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың) тұр.
Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар арасында танымал автокөлік модельдері Chevrolet Cobalt (2,3 мың жаңа көлік сатылды), Hyundai Tucson (1,1 мың) және Kia Sportage (1,1 мың) болды.
Tucson-нан басқа сұранысқа ие көліктердің ондығына Hyundai-дың тағы 4 моделі кіреді: Elantra, Sonata, Santa Fe және Bayon. Тағы бір Chevrolet моделі – Nexia мен Kia моделі K5 те – ең танымал көліктер қатарында.