Өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмысшы зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты. Десе де, былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4%-ға төмендеді.
Биыл 6 айда өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,09 болды.
Атап айтқанда, Қарағанды облысында – 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 50 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия өнеркәсіптерінде – 21,8% және құрылыс саласында – 10,6%.
Жазатайым оқиғалар көбінесе жұмысшының абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзуы (8,4%) себеп болған.
Фото: kt.kz