Өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Бұл туралы Aikyn.kz Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
Мемлекетке 37 млн теңгеден астам материалдық залал келді.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: z-taraz.kz