Ақша Саудиядан келіп жатыр - Арман Қуанышбаевтың қымбат көлігі туралы

Желіде белгілі ұстаз, дін қызметкері Арман Қуанышбаевқа әлдекімдердің қымбат көлік сыйлап жатқаны жайында видео тарап жатыр. Осы бейнежазба желі қолданушылары тарапынан қызу талқылануда. Мәселен, Тортуыл Шоқанның пайымынша, имамға ақша Сауд Арабиясынан келіп жатыр.

"Ислам діні уағызшысына 55 млн-ның 300 «крузагын» типа сыйлады. 

"Көліктің бәрі жақсы, егер дөңгелегі Алланың жолында айналса" деп бір ғалым айтыпты деген «ғалымы» өзі-ау осының.

Бұларда  «Мұһаммед айтыпты» деп өз сөздерін аңырата беру бұрыннан бар-ғой. 

«Әлсіз хадистер» деген қайдан шықты, болмаса? 

Жә, бұл қайдан келген 55 млн-дық «батпан құйрық»?! 

«Танымал қыз-келіншектерге ақша төлеп, хиджап кигізіп жатыр екен» дегендер болған. 

Демек, ақша Саудиядан келіп жатыр", - дейді жазба авторы.

Оның сөзіне қарағанда, Ислам дінін жарнамалап таратып, үлкен/кіші қажылыққа,  бұған қосымша Сауд Арабияға туристерді тарту үшін бөлініп жатқан гранттардан болуы керек. 

"Мысалы, 55 млн 5 млн-нан қажылыққа барған 11-ақ адамның ақшасы. 

Ал бұлардың арқасында мыңдаған адамдар дінге кіруде: қажылыққа баруда. 

Олай болса, неге мінгізбеске? 

Уағызшының қымбат көлік алуының басқа жолын көріп тұрған жоқпын мен. 

Сіздер қалай ойлайсыздар?", - деп сұрайды Тортуыл Шоқан.