Қорғастан қыруар қаржы алып өтпек болғандарды итпен іздеп тапты

Қорғас кеден бекетінде қаржыны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды.

«ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінде валютаны заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойды. Бұл туралы Aikyn.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Биыл 1-20 шілде аралығында «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп заңсыз әрекетті әшкереледі. 

Кеденде қызметтік иттерді пайдалана отырып, жалпы сомасы 40,2 мың АҚШ доллары, 17,8 млн теңге және 60,0 мың юаньді декларациясыз  тасымалдаған 5 факті анықталды.

Ескерер жайт, 10 мың доллардан астам қаржысы бар адам кедендік декларацияны толтыруы тиіс. 

Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 10 000  АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.

Фото: mixyfotos.ru