Қостанай облысының полицейлері 58 келіден астам марихуананы тәркіледі

Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қостанай облысының полицейлері 58 келіден асатын марихуана тәркіледі.

Қостанай облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, облыс аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстады.

"Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады", – делінген хабарламада.

 

Ведомствоның мәліметінше, есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Оны тарату үшін шағын орама жасап отырған.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", – деп хабарлады Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.