«Мысалы, алдыңғы демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды», – делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сондай-ақ биыл еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен бірге пойыздардың шұғыл тежелуі фактілері де болған. Бүгінге дейін 930 факті тіркелген, оның 224-і адамдардың себебінен болса, 572 факті теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты болған.