Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.
Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.
Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.
Фото: news.myseldon.com