Қазіргі таңда әскерге шақырылған 2600-ден астам сарбаздың несиесін төлеу мерзімі кейінге қалдырылды.
«Әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды ұйымдастырды. Бүгінгі таңда 2600-ден астам мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың барлық санынан қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін уақыт берілді. Жобаның ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, жеке өтінішсіз проактивті форматта кредитті төлеуді тоқтата тұру мүмкіндігін ұсыну алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритм даму сатысында», - деп мәлім етті Дархан Ахмедиев ОКҚ-да өткен брифнгіде.