Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында швейцариялық «Базельді» жеңіп, сенсация жасады.
Матч 27 шілде күні кешке Базельдегі Сент-Якоб-Парк стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.
25 минутта алаң иелері гол соғып алға шықты. 1:0 есебімен командалар үзіліске шықты. Бірақ Базель ойыншылары бұдан артық гол соға алмады.
Екінші кезеңде «Тобыл» командасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 57-минутта қостанайлық клубтан Серж Дебле пенальтиді шебер орындады.
Одан кейін Рамазан Оразов - 62, Ислам Чесноков - 71-минутта басымдықты арттырды.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.