Ұлытауда жол апатынан бес адам қаза тапты

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты.

Кеше сағат 15.20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады.