Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Жерасты дүмпулері 27 шілдеде Астана уақытымен сағат 05.52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 4,1 болады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.
Бұған дейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған болатынбыз.