Call-орталықтар коронавирус туралы жұртқа дұрыс ақпарат бере алмай жатыр
Call-орталықтар коронавирус туралы жұртқа дұрыс ақпарат бере алмай жатыр
295
оқылды
Шетелден оралған қазақстандықтар коронавирус бойынша халыққа кеңес беру үшін іске қосылған Call-орталықтардың жұмысына көңілі толмай отыр, – деп жазады 24.kz.  Ақпарат беру орталықтарының бірі – Сыртқы істер министрлігіне, екіншісі – Денсаулық сақтау ведомствосына тиесілі. Шағымданушылардың айтуынша, белгіленген телефон номерлері  нақты ақпарат бермейді. Мәселен, Жазира Дүйсембекова орталыққа хабарласып, толыққанды мәлімет ала алмаған. Ол өткен жексенбіде ғана Малайзиядан келген еді. Турист Жазира Дүйсембекова: «Олар маған «сізде ешқандай шектеу жоқ» деп жауап берді. Қалаған нәрсеңізбен айналыса аласыз. Жұмысқа да бара беруге болады деді.  Бірақ мен күмәнданып,  өзім тіркелген емханаға қоңырау соғып,  Малайзиядан келгенімді айттым. Олар сіз карантиндесіз. Ешкіммен сөйлеспеңіз. 2 апта үйде болыңыз. Тіпті дүкенге бармаңыз деп кеңес берді», – деді. Оператор шектеу талаптарын айтқанымен, шетелден туған-туыс келіп жатса, қандай сақтық шараларын жасау керегіне мардымды жауап бермеген.