27 шілдеде Шымкенттегі Қажымұхан атындағы стадионда «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) және «Легия» (Польша) командалары арасында футболдан жарыс өтті. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйері арасында ауызша ерегес болды. Қоғамдық тәртіпті қадағалаған полицейлер дер кезінде әрекет етті.
Нәтижесінде, жанжал болған жоқ. Бұзақылықтың алдын алды.