Партияның фракция мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай мобильді мәжіліс отырысында 2 аудан әкімінің есебі мен басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Жиында алдымен мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және өңірлік бағдарламалар мен сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазығұрт, Ордабасы аудандарының әкімдері есеп берді.
Сондай ақ, халық қалаулыларының алдында бұл күні партияның Сайлауалды бағдарламасы мен жол картасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Р.Сариева және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өңірлік және сайлауалды бағдарламаның жол картасы бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар қарқынды жүруде. Жол картасында көрсетілген нысандар бойынша Партиялық бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып, бақылау бекеттерін орнатқан және әр қала, ауданда жауапты депутаттар бекітілген. Бұдан өзге жер, ауыз су және газ мәселесі де, тұрғындарды толғандырып келген мәселе екендігі жасырын емес.
Мәселен бір ғана Қазығұрт ауданында, «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жер ортақ жайылымға қайтаруға жылдық жоспар 16,9 мың га болса, бүгінде оның 8,7 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылып, 120 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары сотқа жолданған. Сондай ақ, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге микрокредит беруге жылдық жоспар 140 кәсіпкер болса, 6 айдың қорытындысымен 64 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген. Фракция мүшелерінің алдында есеп берген Азизхан Исмайлов жыл соңына дейін жоспар орындалатынын атап өтті. Депутаттар Ордабасы ауданы бойынша кәріз жүйесінің жоқтығын айтты. Аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына Жастарды баспанамен қамту, жол жөндеу жұмыстары бойынша арнайы ұсыныс білдірді. Өз жұмыстарын орындамаған кәсіпкерлерді, міндеттемелері талапқа сай болмаған нысандар бойынша заңды шешім шығару керектігін де айтты. Бұдан өзге барлық депутаттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.
Басқосуда Фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев, хаттамада көрсетілген тапсырмалады орындауды және аудан әкімі мен басқарма басшыларына бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігін айтып, нақты ұсыныстар берді.