Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден 75 жастағы қария мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға 23 шілде күні болған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйелдің және оның 44 жастағы ұлының денесі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі болмаған.
«Олардың екеуі де ауыр сырқатқа шалдыққан, есепте тұрған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.