Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 70-ке жуықтады
Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 70-ке жуықтады
Фото: Интернеттен алынды
150
оқылды
ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иранда коронавирустың жаңа түрінен (СOVID-19) көз жұмғандар саны 66-ға жетті. Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алирези Раисидің айтуынша, елде ауруға шалдыққан адамдардың саны 2 наурыз күні 1501-ге жеткен, соның ішінде 291 адам жазылып шықты.
«Коронавирус жұқтырудың 225 оқиғасы Тегеран қаласында тіркелді, Кума – 62, Гилян – 53, Исфахан – 23, Маркази провинциясы – 18, Казвин – 18, Хорасан Резави – 6, Фарс провинциясы – 8, Керманшах – 1, Мазендеран – 12, Альборза – 10, Хормозган – 7, Хузестан – 12, Систан және Белуджистан провинциясы – 1, Батыс Әзербайжан – 4, Илам – 2, Оңтүстік Хорасан – 3, Керман – 2 және Йезде бір адам індет жұқтырған», – деді.
Коронавирустың таралуына байланысты Иран билігі шекара бекеттерін дезинфекциялауды бастады.