Қорғаныс министрі бірнеше офицерді қызметке тағайындады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бірқатар офицерді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Тыл бас басқармасының бастығы, полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы Күштері Қару-жарақ бастығы болып тағайындалды.

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.