«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімінде.
Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.