Атырауда есірткі сатып, пайда таппақ болғандар ұсталды

Атырауда есірткі сатып, пайда таппақ болған Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылы туған тұрғын анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің салмағы 64,2 гр "Альфа-PVP" екені белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Атыраудың "Нұрсая" ықшам ауданында "синтетиканы" аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылы туған Тараз тұрғыны ұсталды.

Алынған зат салмағы 70 гр "Альфа-PVP" және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.