Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі біркелкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді», - делінген хабарламада.
Ұлытау облысының ТЖД шомылу кезінде қайғылы жағдайға жол бермес үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді:
- Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады!
- Жүзе алмайтын болсаңыз, белден жоғары суға түспеңіз!
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Мас күйде шомылмаңыз!
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз!
- Түнде шомылмаңыз!