Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальды жеңіп алды.
Таэквондошы Рита Бакишева 46 кг салмақ дәрежесінде Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды.
Бұған дейін хабарланғандай, Универсиадада дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды.
Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті.
Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады.
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы