Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб стансасының өткелінде «Мазда» автокөлігін тоқтатты. Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болды. Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.