Бұл өтініш биыл 16 маусымда «Жер аманаты» комиссиясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында қаралды. Әкімдіктің мәліметінше, Введенка ауылының шаруа қожалықтарында 1 009 бас ірі қара мал, 710 бас ұсақ мал және 267 бас жылқы бар, бұл шартты түрде 1 986 басты құрайды. Ауылдағы халық үшін жайылым алаңы 2 925 гектарды құрайды, жайылымға мал жүктемесінің нормасы 1 шартты басына 4,5 гектар болғанда, нақты жүктеме 1,4 гектарға тең.
Осы мәселені шешу мақсатында Введенка ауылының әкімдігі мен «Олжа-Боровское» ЖШС арасында меморандум жасалды, онда «Олжа – Боровское» ЖШС ауданы 488 гектар жерді тұрғындарға мал жаю мақсатында пайдалануға жәрдемдеседі.
Осылайша, мәселе оңынан шешілді. Алайда «AMANAT» партиясы Жарғысының 3-бөлімінің 3.8-тармағына сәйкес өтінішті қарау кезінде бұрын жіберілген бұзушылықтар үшін өңірлік ҚКП шешімімен партия мүшелеріне, атап айтсақ, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасарына және Меңдіқара ауданы Введенка ауылдық округінің әкіміне ескерту жарияланды.
Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмайтын жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды және оларды ауыл тұрғындары үшін қолжетімді етуді тапсырған болатын. Партия бұл мәселені шешуге кірісті. Өткен жылы Қостанай облысы бойынша 518 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасында 2025 жылға дейін Қостанай облысында 570 гектар жерді қайтару жоспарлануда. Оның 330 мың гектары биыл қайтарылады. Бүгінде бұл көрсеткіш пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 231 мың гектар жерге жетті.
«Жер аманаты» өңірлік комиссиясының мүшелері облыстың ауылдық елді мекендеріне шығудың бекітілген кестесіне сәйкес ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдап, көшпелі отырыстар барысында анықталған мәселелердің оң шешімін табу мақсатында жұмыс атқарады.
Ж.ҚҰТТЫБАЙ