Азық-түлік бағасы бір жылда 8,6 процентке қымбаттаған
Азық-түлік бағасы бір жылда 8,6 процентке қымбаттаған
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Статистика агенттігінің хабарлауынша, азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы ақпанға) 8,6%-ке өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады. 2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңгені (330 теңге), сөкке – 373 теңгені (254 теңге), күрішке 376 теңгені (323 теңге) құрады. Қанттың орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда келісіне – 185 теңге, 2019 жылғы ақпанда 236 теңген болды. 2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбенің орташа бағасы килограмына – 1615 теңге, (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймақ – 1121 теңге (1050 теңге), айран – 300 теңге (286 теңге), пастерленген сүт – 256 теңге (239 теңге) саудалануда.