Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберді

Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді, – деп хабарлады Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған. Ол ызаға бой алдырып, үстіне бензин құйып, от қойып жіберген.

"Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", – дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев