Шараның ашылу рәсімінде ҚХР Іле-Қазақ автономиялық округының Халықтық Үкімет пресс-канцелярияның жетекшісі Суюнь Янь Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас барлық салада табысты дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол жуырда қос мемлекеттер арасында көптеген байланыстар орнағандығын атап өтті.
ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға бірнеше рет сапарға шығып, көптеген маңыздықадамдарды дамытуға, сонымен қатар БАҚ арасында байланысты күшейткендігін айтты. Сондай-ақ, жуырда көктемде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының партком секретары Ма Синжуйдың көршілес елге сапар арасында 16 қос елдің негізгі құжаттарға қол қойылғандығын атады.
«Үрімші компаниясының «Чжунсиньговэнь» ақпараттық ОО ақпараттық тарату» Алматыдағы ООО бөлімшесінің Бас атқарушы директоры Ван Цзиньшэн Қорғас экономикалық аумағының дамып, шаһардың гүлденіп жатқанына БАҚ саласының қызметкерлерінің көп үлес қосып жатқандығын, қазақстандық журналистердің тыңбай еңбек етіп, насихаттап жүрген жұмысына риза екендігін білдірді. Қорғас қалалық халық үкіметінің баспасөз хатшысы Чжоу Хун қос мемлекеттің дамып жатқан негізгі перспективалары мен ынтымақтастық жайлы кеңінен тоқталды.
Медиа-форум барысында БАҚ өкілдері өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды, сонымен қатар пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Ардагер-журналист, көптеген жылдар бойы радио мен баспасөз саласында қызмет еткен Салтанат Қажыкен ауыл шаруашылық саласы Қазақстанның басты өнеркәсіп екендігін, бұл көрмеде Қытайдың озық технологиясын көргендігін, осы технология Қазақстанға жақын арада енгізіліп, еліміздің ауыл шаруашылығының дамуына көп үлес қосатындығына үміттенетіндігін атап өтті. «Деловой Казахстан» газетінің бас редактордың орынбасары Алевтина Донских Қазақстандағы көкөніс өнімдері Қытайда танымалдылыққа ие екендігін, көрмеде таныстырылған өнімдер арқылы Қазақстан мен Қытайдың байланысын одан әрмен дамытуға мол үлес қосатындығын тілге тиек етті.
Шара аясында журналистер қауымы Іле облысының тұңғыш кезекті (2023) Халықаралық ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесіне қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық орталығы директорының орынбасары Ли Жипин Іле Қазақ автономиялық облысының Қорғас қаласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастық орталығында өткізіліп отырған көрмеге жоғары бағасын берді.
«Қуатты ел алдымен ауыл шаруашылығын нығайтуы керек, мықты ауыл шаруашылығы ғана елді қуатты ете алады. Ауыл шаруашылық саласын дамыту – партия Орталық Комитетінің жасаған маңызды стратегиялық жоспары. Іле облысындағы бұл көрме жаңа дәуірде Ши Жинпиңнің қытайлық сипаттағы социалистік идеологиясын толық жүзеге асырып, ауыл шаруашылығын жаңғыртуды бұлжытпай ілгерілету және қазіргі ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына ықпал ететін үлкен оқиға болып табылады. Іле бай табиғи ресурстарға ие. Жасыл және органикалық ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде бірегей артықшылықтарға ие. Мұнда кептірілген өрік, Нарат балы, Қорғас ауданының лаванда майы, Мұңғүлкүренің сарымсағы, Текестің алмасы, Мұқырдың жүзімі, Шапшалдың күріші, және Іле шарабы қатарлы өнімдері бар. Өнімдерді таныстыру, платформалар құру, алмасуларды мен дамуды жеделдету» мақсатымен ашылып жатқан бұл көрме Іленің экспортына баса назар аударады, Іленің сыртқы әлемге ашықтық деңгейін арттырады және соның дәлелі. Бұл ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі «Ауылшаруашылық өнімдері + Интернет + болгерлер эфирі» әдістері арқылы онлайн және офлайн форматта таныстырылады. Осы арқылы Іле ауыл шаруашылық өнімдерінің танымалдылығын арттырып, сату жолдарын кеңейтеміз, әрі қоғамның барлық салаларының әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік аламыз. Біз халықаралық ауылшаруашылық көрмесінің брендін жасап, қатысты ақпараттарды көптет таратып, Іленің ауылшаруашылық өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруымыз керек», – деді Л.Жипин.
Көрме аясында «Цзинь И атындағы Қорғас халықаралық сауда орталығы» кәсіпорны бізді жылы қабыл алды. Юй Чэнь Джун басқаратын кәсіпорын жылына 100-ден аса жеміс пен көкөніс түрінің 100 мың тоннаға жуық өнім жинайды екен. Соның ішінде шабдалы 20 мың тонна, алма – 20 мың, 30 мыңға жуық бұрыш өндіретін көрінеді. 230-ға жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорын жылдан-жылға көркейіп, өнімдерінің көп әрі сапалы болып келе жатқандығымен де ерекшеленеді.
Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің жұмысымен танысқан журналистер қауымы Қорғас қаласы тауар өндіру экономика жағынан ғана емес, ауыл шаруашылық тұрғысынан да көркейіп келе жатқандығын, шаһарда тірішілік етіп жатқан көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығына көздерін жеткіздірді.
Нұрлан ҚҰМАР