Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр (ВИДЕО)

16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықталды.

Алматыда 16 қабатты үйден өрт шықты, – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Ведомство мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

"5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.