Жас жігіттің айтуынша, әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.
Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындауға тура келген. Содан бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.
Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер ұстады.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.
Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен видеоларын өзіне өткізіп алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.