Талдықорған қаласында 4 жастағы бала бассейндегі суға батып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қалалық жедел жәрдем бригадасына Талдықорғандағы отбасылық демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге баланың батып кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Шақыру орнына жеткенде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.