Tesla АҚШ-та 2020 жылы нарықтық құны бойынша ең ірі автоөндіруші атанды. Ол автомобиль өндірісінде жапондық Toyota-ны артта қалдырды.
2023 жылы Tesla компаниясы Toyota мен Mercedes-Benz-ті басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналды. Осылайша, Tesla әлемдегі ең әлеуетті электр көлігін жасаушы атанды. Мұндай жылдам прогрестің себебін Slash Gear материалына сілтіме жасап, Aikyn.kz түсіндіреді.
Bloomberg 2019 жылы Tesla-ның ішкі жану қозғалтқыштарын нарықтан ығыстырушы деген атаққа сай келетінін анықтау үшін 7 000-нан астам Tesla 3 моделін иеленушілердің арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері өте тосын болған: Tesla-ның электрлік нұсқалары дәстүрлі жанармаймен жүретін көліктерді тарихи мұражайға өткізе бастағанын дәлелдеген.
Дегенмен Илон Маск компаниясының 2023 жылғы Tesla 3 моделіне қатысты біршама қарама-қайшы пікірлер айтылды. Модель 3-тің алғашқы сатып алушылары көліктің панелінде саңылаулар біркелкі емес әртүрлі болған және көліктің жиналу сапасы да ойдағыдай болмаған. Осыған қарамастан сатып алушылары өз көліктеріне жоғары баға берген. Бірақ брендтің артында тұрған Илон Маск туралы екіұдай пікірде болған.
2019 жылы Tesla 3 иелерінің жартысынан көбі Илон Масктың «жасыл энергияны» жақтаушы ретінде қолдап, осы көліктерді сатып алған. Бірақ олар Tesla компаниясы бас директорының әлеуметтік желідегі жеңіл пікірлері мен әрекеттері ұнамайтындарын білдірген.
2023 жылы Bloomberg өткізген Tesla 3 моделіне байланысты сауалнамада Илон Маск туралы сатып алушылардың оң пікірі әйгілі Twitter-ді сатып алғаннан кейін айтарлықтай төмендеген. Сауалнама нәтижелері Масктың соңғы саяси ұстанымдары мен түсініксіз мәлімдемелері Tesla-ның беделіне айтарлықтай нұқсан келтіргенін көрсеткен. Респонденттердің көпшілігі жақында X деп өзгертілген Twitter-ді сатып алғаннан кейін Twitter жазуды тоқтатып, саясаттан алыстап, нақты өндіріспен айналысуы керектігін қолдаған.
Фото Bloomberg сайтынан алынды. Авторы: Getty
Респонденттердің көпшілігі Маск «Tesla-ның миссиясына зиян келтірді және оған кедергі келтірді» деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың бірі: «Менің Tesla-ға деген алғашқы қызығушылығым Маск-қа деген ішінара сеніміме және оған деген құрметіме негізделген. Қазір де менің Tesla-ға деген оң пікірім сақталған», – деді. Илон Маскты қолдамайтындар болса, Tesla-3 көліктерін сатып жіберген.
Жақсы жаңалық, 3-ші модельдің алғашқы пайдаланушылары өздерінің электр машиналарына риза болғаны сонша, олардың көпшілігі жанармаймен жүретін көліктерге ешқашан қайта оралмайтындарын айтқан. Сонымен қатар Tesla-3 иелерінің 75%-ы Tesla-ның келесі жаңа нұсқасын алуға дайын екенін айтқан. Әсіресе, көптен күткен Cybertruck көлігі ерекше қызығушылық туғызған. Сауалнама нәтижелері Tesla тұтынушылары брендтің бас директорын ұнатпаса да, Tesla брендіне адал екенін танытқан.