Вандализммен күрес күшейді

Астанада Мемлекет бас­шысының тапсырмасы аясында вандализммен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеше елордада қаланың мүл­кін, аула аумақтары мен қоғам­дық алаңдардың бүлінуіне жол бермеу үшін «Тоқта, вандал» акциясы басталды.

«Тоқта, вандал» акциясы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орта­лығы алдында өткізілді. Оған ұрыс қимылдарының ардагерлері, ерік­тілер, үкіметтік емес ұйымдар, сон­дай-ақ этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Бастама елордада вандализмге жол бермеуге және қала мүлкін сақтауға бағытталған.

Қатысушылар елорда тұрғын­да­рын бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара барысында қала тұрғындарына «Қаланың кел­бетін сақтайық!», «Бастаманы қол­да­йық!», «Астана – біздің ортақ үйі­міз!», «Қалада вандализмге жол жоқ! Елде вандализге жол жоқ!» деген жа­зуы бар 200-ден астам пос­тер таратылды.

Акция жыл соңына дейін жалға­сады деп хабарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Аста­нада ұсақ құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хат­тама жасалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорла­ғаны, ғима­раттарға, өзге де құрылыс­тарға, тұр­ғын үй-жайларға, ортақ орындарға, көліктегі мүлікке және басқа да мү­лікке зиян келтіргені үшін, сол сияқ­ты қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тынышты­ғын бұзатын басқа да ұқсас әрекеттер бар.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелерін күн сайын 2500-ден астам полиция қыз­меткері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлері күзетеді.

Б.ИКРАМОВА