Үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі

«AMANAT» партиясы Қызыл­орда қалалық филиалының де­путаттық фракция жетекшісі Тал­ғат Мақашов БАҚ өкілдерімен кездесіп, атқарылған жұмыстар тура­сында брифинг өткізді.

Қазіргі таңда «AMANAT» партия­сы­ның 2023-2027 жылдарға арналған «Ха­лық­пен бірге!» атты сайлауалды бағ­дар­ла­масын іске асыруға арналған Жол кар­тасы бойынша ауқымды жұмыстар ат­­­қарылуда. Атап айтар болсақ, қала­мыз­да маңызды бірнеше әлеуметтік-мәдени ны­сандар бой көтеруде: ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана (он­кологиялық бөлімшесімен), Өнер са­райы, облыстық Қан орталығы, Тас­бө­гет кентіндегі дене шынықтыру-сауық­ты­ру кешені және т.б. Сонымен қатар қа­лаға қарасты Қарауылтөбе мен Талсуат ауылдық округтерінде 150 орындық екі ауыл клубының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталмыш нысандар жыл аяғына дейін ел игілігіне табысталады. Қазіргі таң­да Қызылорда қаласында үш ауы­сым­да оқытатын 6 мектеп бар. Үш ауысымда оқы­татын білім беру ұйымдары мәселесін ше­шу мақсатында қаладағы 4 мектептің жа­нынан 1 850 орынға лайықталған қо­сымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қал­ған 2 білім нысанының мәселесін биыл пайдалануға берілетін Жезқазған трас­сасы бойындағы 600 орындық жаңа мек­теп есебінен шешу жоспарланған. Атал­ған мектептер жаңа оқу жылы қар­саңы­нда пайдалануға беріледі. Жалпы айт­қанда, білім беру, денсаулық сақтау және спортқа қолжетімділікті арттыру ба­ғытындағы жоспарлы жұмыстар үнемі ба­қылауда. «AMANAT» партиясының бас­тамасымен еліміз бойынша сай­лауал­ды уәделердің орындалу барысын жүйелі ба­қылап отыру мақсатында осы кезге дейін қаламызда салынып жатқан 9 ны­санға партиялық бақылау бекеттері ор­на­ластырылды, оның бесеуі – білім оша­ғында. Жол-көліктік инфрақұрылым мә­селелері де назардан тыс қалған жоқ. Мы­салы, бірнеше көпір құрылысы жүр­гі­зілуде. Олар – Ғ.Мұратбаев пен Ясауи кө­шелерінің қиылысында темір жол ар­қылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, «Бәйтерек» тұрғын ауданында «Оң ма­гист­ральды» арнасы арқылы өтетін авто­кө­лік көпірі, Сырдария өзенінің сол жақ жа­ғалауындағы басты көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлі­зі­мен жанасатын жеріндегі көлік айы­ры­ғы.

«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа тер­ми­налын қайта жаңғырту және кеңейту жұ­мыстары да басталды. Елді мекендерді газдандыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүр­гізілуде. Мысалы, қала маңындағы Қос­шыңырау ауылдық округінің Абай, До­сан елді мекендерін газдандыру жұ­мыс­тары да бар. Осы күні екі елді мекен­нің, яғни, Ақсуат және Махамбет ауыл­дық округтері көгілдір отынмен қам­та­ма­сыз етіліп, ауыл тұрғындары игілігін кө­руде. Мәселен, Қарауылтөбе ауылдық окру­­­гіндегі ауылдық клуб сметалық құ­жаттарына сәйкес пеш арқылы жылитын бол­са, соны көгілдір отын жылуына өз­гер­туге депутаттық сауалдарымды жол­да­дым», – деді Т.Мақашов.

Жоғарыдағы жұмыстардың жоспарға сай уақытылы әрі жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойын­ша 2027 жылға дейінгі Сайлауалды бағ­дарламасы негізінде жасалған «Жол картасындағы» индикаторлардың әр­біріне жауапты қалалық мәслихат депу­тат­тары бекітілді. Сонымен қатар биыл сай­лау науқаны уақытында қалалық сай­лауалды қоғамдық штабтың қабылдау бөлмесіне тұрғындар тарапынан өзекті мә­селелер бойынша бірқатар ұсыныс-ті­лек келіп түскен болатын. Олардың ба­сым бөлігі – қаржылай көмек көрсету, де­меушілік жасау, коммуналдық-инфра­құрылымдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер.

Н.ОРАЗҒАЛИ