«Жаса одағы» қоғамдық қоры – балалар үйінің балаларына саяхаттауға, оқуға, қарым-қатынас жасауға және қоршаған әлемді тануға бірегей мүмкіндік береді.
Қордың мақсаты – балаларды сұлулыққа деген сүйіспеншілікке, табиғатты білуге, қорғауға және қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Біздің негізгі миссиямыз – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сыни ойлауын әлеуметтендіру және дамыту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысында сөйлеген сөзі:
«...Балалар мен жасөспірімдер негізінен әлеуметтік желілерде тәрбиеленеді. Егер біз балаларға бағыт-бағдар бермесек, оларға дұрыс жолды көрсетпесек, бұл өте қауіпті үрдіске айналуы мүмкін....»
«Мен бақытты балаларды көргенде әлем мейірімді болатынын көремін. Біз қайырымдылықтың сәнге айналғанын қалаймыз, ал адамдар қоғамның игілігі үшін саналы түрде көмектескенін қалаймын», –деді «Жаса одағы» ҚҚ директоры Денис Лукянчук.
Қоғамдық қор 30 шілде мен 8 тамыз аралығында Алматыда СҚО, Павлодар, Қарағанды және Тараз балалар үйлерінен 100 балаға саяхат ұйымдастырады.
Қазақстанның оңтүстік астанасында болған он күн ішінде балалар қаламен, көрікті жерлермен және оның жоғары оқу орындарымен (ҚБТУ, АЭжБУ, ХАТУ) танысады. Олар Шымбұлаққа барып, Қапшағайда желкенді қайықпен жүзіп, Көк-Төбеге көтеріліп, таулардағы лагерьде түнеуді де жоспарлап отыр.
Сондай-ақ балалар білім беру бағдарламасының қатысушылары болады. Оған робототехника, бағдарламалау, мақсат қою, қаржылық сауаттылық бойынша түрлі шеберлік сыныптары кіреді.