Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмды

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.

30 шілдеде Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың тағы біреуі ауруханада жан тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

 

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.

«Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», – делінген хабарламада.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.

Еске сала кетейік, 30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан.

Өкінішке қарай, 31 шілде күні таңертең зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.