"Қымбат әшекейлерін сатуға шыққан": Мақтааралда 4 күн бұрын із-түзсіз кеткен әйел жайлы жаңа деректер шықты

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды.

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды, – деп хабарлайды polisia.kz.


Жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында, оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.

Егер сізде жоғалған 1985 жылы туған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз.

Бұл факті Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.