Оралдық азамат туған анасын өлтірді

3 тамызда түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД-ның кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің өлі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске қатысты күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған", – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.