Оның жарқын мысалы – «Меридиан» БПҰ. Аталған бастауыш партия ұйымының басшысы, меценат әрі ірі кәсіпкер Роман Шалуткин өз қаражатына елордадағы Орталық балалар үйінің ғимаратын жөндеуден өткізіп, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған заманауи спортзал ашты.
«Балалардың жаттығатын жері болмаған соң, кішігірім жаттығу залын салып беруді сұрап «Меридиан» бастауыш партия ұйымына өтініш жасаған едік. Роман Шалуткин өтінішімізге бірден құлақ асты. Кәсіпкер жаңа үлгідегі жабдықтары бар жаттығу залын салып берді. Балалар үйінде бас-аяғы 16 бала болғанымен, түлектеріміз де жиі келіп тұрады. Есігіміз әрдайым ашық. Біздің басты міндетіміз – 16-22 жас аралығындағы азаматтарға көмек көрсетіп, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу. Бұл жаттығу залы шәкірттеріміздің тәнін шынықтырып қана қоймай, жанын нұрға бөлейді. Балалар қуанышына себепкер болған Роман Шалуткинге алғысымыз шексіз», – деді Орталық балалар үйінің өкілі Арсланбек Медьянов.
Айта кетейік, БПҰ құрамында 30-дан астам адам бар. Олар партиялық жобаларды жүзеге асыруға және қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға белсенді атсалысады. Абай облысында және Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орын алған апат кезінде партия ұйымының мүшелері қол ұшын созып, көмек қабылдау пунктеріне қажетті заттарды ұсынды.