Мелдебекованың көздегені не?
Мелдебекованың көздегені не?
239
оқылды
Қызылорда облыстық де­виант­­ты мінез-құлықты бала­ларға арналған мек­теп-ин­тер­нат 2005 жыл­дың қыркүйек айынан жұ­мыс істейді. Алайда об­лыстық білім басқарма­сы­­ның басшысы М.Мелде­бекова бұл мекемені жабу үшін түрлі әрекетке бар­ып отыр. Негізінде, интернатқа құқық­бұзу­шы­лықты жүйелі түрде жасай­тын, отбасынан және бала­лар­дың оқу тәрбие ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалатын, ата-аналар наза­ры­нан тыс қалып қаңғыбастыққа, кезбелікке салынған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар қабылданады. Тәрбиеленушіні мектеп әкім­ші­лігі қабылдау жөніндегі анық­та­ма­сымен мектеп инспекторы, психо­лог және ата-анасы келіп, баланы алып кетеді. Бала интернаттан кейін білімін өз мектебінде немесе оқу орындарында жалғастырады. Тәр­бие­ленушілер жас ерекшелік­те­ріне қарай 2 топқа бөлінеді. Интернат психологы тәрбие­ле­нушілер арасында психокор­рек­циялық жұмыстар, тренингтер өт­кі­зіп, психологиялық көмек көр­се­теді. Әр тәрбиеленушінің пси­хо­ло­гиялық-диагностикалық картасы жасалған. Тәрбиеленушілердің басым көпшілігі облыс, аудандық білім беру колледждерінде өздерінің қалаған мамандығымен білім алады. Интернаттан шыққан тәрбие­ле­ну­шілер оқуға түсіп, отбасын құрып, жұмысқа да тұрып жатыр. Интернат тәрбиеленушілері үш мезгіл ыстық тамақпен, екі мезгіл бесіндік аспен, маусымдық киім-кешекпен, қажетті дәрі-дәрмекпен, оқу құралдарымен толық қамтама­сыз етілген. Тәрбиеленушілердің санитарлық-гигиеналық тазалығы үнемі бақылауда. 2014-2015 жылғы оқу жылынан бастап өзгерістерге сәй­кес мекеменің оқу процесі ин­тер­­натқа жақын орналасқан №112 орта мектеп және кешкі мектеппен келісімшарт жасалған. Штат саны 60-тан, 49-ға азайтылды. 2016 жылы 49 штаттық бірліктен 39 штатқа қысқартылды. Бала саны­ның азды­ғы­на байланысты жылда ин­тер­нат­ты жабу туралы білім басқар­масы та­рапынан сөз қозғалады. 2018 жылы Кәмелетке толмаған­дарды бейімдеу орталығы мен интер­натты қосу туралы ұсыныстар жасалды. Екі мекеменің қызметтері сәйкес келмей, негіз болмады.
Ақжарма ауылында орналасқан 1968 жылы балабақшаға арналып салын­ған ғимарат 2005 жылы құл­ды­­рап, жарамсыз жағдайда тұр­ға­нында 28 783 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынып, интернатқа пайдалануға берілді. 2013 жылы Ақжарма ауылдық округі мекеме ғимаратын балабақша ашу мақсатында қайта алды. Алайда ғимаратта ешқандай балабақша ашылмай, ғимарат жарамсыз күйде бос, қирап, тозығы жетіп тұр. Бұл ғимарат қазір ит-мысықтың пана­сына айналып тұр. Девиантты мінез-құлықты балаларға қимай, тартып алғанымен, күрделі жөн­деуге жұмсалған 28 783 млн желге ұшқаны ма? Сонда балалардан да­ла­да қаңғып жүрген ит-мысық ар­тық болды ма? Бұл балалардың тағ­­ды­рын кім ойламақ?
Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2013 жылы 11 қарашадағы №16 бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласы М.Қаржаубаев көшесі №42 құрылыста орналасқан жалпы пайдалануға арналған ауда­ны 682,5 шаршы метрді құрайтын 1957 жылы салынған ғимаратын «Облыстық девиантты мінез-құ­лық­ты балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекеменің теңгеріміне берілді. Мекеме жанын­да теміржол вокзалы және қалаіші­лік автобустар тұрағы орналасқан­дықтан белгілі бір мақсатта пайда­лануға беру көзделіп отыр ма, әлде жарамсыз күйде қала ма? Облыстық девиантты мінез-құ­лықты балаларға арналған интер­натқа 2019 жылы 70 млн 829 теңге қаражат бөлінген. Қызылорда облысы білім бас­қар­масының басшысы М.Мелде­бекова: «Мекеме жабылған жағ­дайда барлық 43 қызметкерді жұ­мыс­сыз қалдырмаймын» дейді. Алайда осыдан 4-5 жыл бұрын жа­был­ған «Макаренко балалар үйінен» босап шыққан қаншама қызметкер осы күнге дейін жұмыссыз отыр. Қызылорда облысы бойынша жергілікті полиция департаментінде есепте тұрған кәмелет жасқа толма­ған балалар саны жетерлік. Ал Ақтөбе облысынан да, Қызылорда облы­сынан да девиантты мінез-құлқын түзе­туді қажет ететін балалар жі­бе­ріл­мей отыр. Облыстық білім бас­қар­масының басшысы Майра Мелдебекованың қызметке келгені­не көп болған жоқ, келген күннен бастап-ақ жұмысты облыстық девиантты мінез-құлық балаларға арналған мектеп-интернатын жабу керек дегеннен бастағаны бар. «Ты­қыл­даған тауық тумай қоймай­ды» деген емес пе? Майра Мелдебекова­ның айтуымен Ақтөбе облысы әкімінің орынба­сары, Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Марат Тоғ­жа­нов­қа хат жолданды. Хатта: «...Ақтө­бе облысынан соттың шеші­мі­­­мен келетін кәмелет жасқа тол­ма­ған балалардың басқа өңір­лер­дегі де­виант­ты мінез-құлықты бала­лар­ға арналған интернатқа жол­да­нуы­на ықпал етуіңізді сұрай­мын» деп жазылған. Сонда облыс­тық білім басқар­масының басшысы Майра Мелдебековаға «шығын» деген сылтаумен ғимарат алу керек пе? Әл­де мемлекеттік тапсырыс алу үшін істеп отырған ісі ме? Бұны қа­лай түсінеміз? Сұрақ көп, жауап жоқ...    width=Миуа  БАЙНАЗАРОВА